Денсаулық күні

10 қыркүйек күні №6 Хромтау гимназиясында салауатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттау мақсатында денсаулық күні өткізілді. Аталған шараға гимназия ұжымы мен білім алушылар түгел қатысты. Денсаулық күніне орай салауатты өмір салтын ұстану - тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызық та, әрі көңілді екенін көрсетуге бағытталған түрлі спорт шаралары ұйымдастырылды. Алдымен жаппай жаттығу жасалды, 9-10-11 сыныптар арасында футбол, 5-6сыныптар арасында асық , бес тас ойындары, 7-8 сыныптар арасында эстафеталық ойын, бастауыш сыныптар арасында арқан тартыстан жарыс ұйымдастырылды. толығырақ
Орындаған: Жасаганбергенова Б.И
Лейтенант Буккарин

Лейтенант Буккарин Саламат. Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтының 2020 жылғы түлегі. Қазіргі таңда: Шымкент қаласындағы авиациялық базасындағы авиациялық эскадрилясының буын ұшқышы қызметін атқарады.
1 қыркүйек
1 қыркүйек күні «№ 6 Хромтау гимназия» КММ-де санитарлық талаптарға сай алғашқы қоңырауға арналған 1-сынып білім алушылары үшін «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны және 2-11-сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында республикалық сынып сағаттары өтті. Аталған салтанатты жиынға Хромтау ауданы әкімі Азамат Бекет Бауыржанұлы, Хромтау аудандық білім бөлімінің басшысы Болатов Элмұрат Болатұлы, ұстаздар, және бірінші сынып ата-аналары қатысты. Хромтау ауданы әкімі Азамат Бекет Бауыржанұлы салтанатты жиынға қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтаса, гимназия директоры Мукашева Гүлмараш Орынбасарқызы жаңа оқу жылының ерекшеліктерімен таныстырды. Салтанатты жиында 1 сынып бүлдіршіндері құттықтаулар айтып, тақырыптық әндер орындалды. 88 білім алушыға салтанатты түрде «Әліппе» алғашқы оқулығы табыс етілді. толығырақ













