
Кушербаева Анарым Бауыржанқызы
Облыстық «Үздік жыл психологы 2013»байқауында І дәрежелі Дипломмен(10-қазан 2013 ж), Республикалық деңгейде «Ең үздік авторлық бағдарлама» номинациясымен (15-қараша 2013 ж.) марапатталды.Кушербаева А.Б. - гимназия психологы, педагогикалық өтілі – 5 жыл. Өз мамандығын жүрегімен қалап, таңдаған бірегей маандардың бірі. Ол оқушылармен, олардың ата-аналарымен, ұстаздармен жиі- жиі түрлі іс- шарлар өткізіп, сол арқылы психологиялық үйлесімділікке, бейімделушілікке, ұжымдағы жас ерекшеліктері әр түрлі мамандардың өзара араласуына өз білімін жұмсап, еңбексүйгіштігі арқылы тәжірибе жинақтап жүрген жаңашыл маман. Тәжірибелі ұстаздардан үлгі ала отырып, жас мамандардың ұстаздық қызметте тұрақтануына, мамандықтың қыр-сырын бірге үйреніп, жұмысына талдау жасап, ұстаздық қызметке төселіп келе жатырған ізденімпаз психолог. Гимназия оқушыларымен түрлі психологиялық жағдаяттарды шешіп, жиі сұқбаттасып отырады.













