№6 Хромтау гимназиясында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне байланысты өткізілетін іс-шаралар жоспары
|
Р/с |
Өткізілетін іс-шаралар |
Түрі |
Уақыты |
Кімдер қамтылады |
Жауаптылар |
|
1 |
Көрісу күні |
Салт-дәстүр |
14.03 |
Білім алушылар, ұстаздар, қонақтар, ата-аналар |
Өзін-өзі басқару ұйымы |
|
2 |
Наурызға тілек |
Қабырға газеттерін шығару |
15.03 |
Білім алушылар |
5-11сынып |
|
3 |
Наурыз нақыштары |
Ақпараттық бұрыш |
17.03 |
Білім алушылар, ұстаздар, қонақтар, ата-аналар |
«Құбылнама» ақпараттық клубы |
|
4 |
Тоғызқұмалақ ойыны |
Сайыс |
18.03 |
Білім алушылар |
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері |
|
5 |
Қош келдің, мерейлі әз Наурыз! |
Тәрбие сағаттары |
19.03 |
Білім алушылар, ұстаздар, қонақтар, ата-аналар |
Сынып жетекшілер |
|
6 |
Армысың әз-Наурыз! |
Мерекелік шара |
20.03 |
Білім алушылар, ұстаздар, қонақтар, ата-аналар |
Жасағанбергенова Б.И Дощанова А |
|
7 |
Қазақтың ұлттық ойындары |
Спорттық жарыстар |
20.03 |
Білім алушылар, ұстаздар, қонақтар, ата-аналар |
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері |
|
8 |
Наз қоңыр |
Сайыс |
20.03 |
Білім алушылар, ұстаздар, қонақтар, ата-аналар |
Дощанова А Өзін-өзі басқару ұйымы |
|
9 |
Наурыз келді сәнімен, Тіл үйірер дәмімен |
Наурыз көже ішу |
20.03 |
Білім алушылар, ұстаздар, қонақтар, ата-аналар |
9-10-11сынып ата-аналар кеңесі |
1 күн (14.03.) – «Көрісу күні» (табиғаттың оянуы)
14 наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық-саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек.
2-күн (15.03.) . «Қамқорлық»
Соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтап, үлкендерге құрмет көрсету. Жетім балалар, қарттар үйлеріне баруды ұйымдастыру, мұқтаждарға көмек көрсету.
3 күн (17.03.)- «Тазалық» («Жаңару, тазару күні)
Мектеп ауласын тазарту.
4 күн (18.03. «Ынтымақ» («Бірлестік күні»).
Мектептің іс-шаралар өтетін жерлерін безендіру.
5 күн (19.03.) – «Ырыс» («Молшылық күні»).
«Қош келдің, мерейлі әз Наурыз!» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізу, ұлттық тағамдар мен ұлттық бұйымдар көрмесін ұйымдастыру.
6 күн (20.03.) - «Шаттық» («Көңіл көтеру күні»).
«Армысың, әз-Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізу. Ұлттық ойындардан жарыс, «Наз қоңыр» арулар мен серілер сайысын өткізу, «Наурыз келді сәнімен, Тіл үйірер дәмімен» наурыз көжеден дәм тарттыру.
7 күн (22.03.) –«Ұлыстың ұлы күні»
Ұжыммен мәдени-бұқаралық іс-шараға қатысу. Мерекелік концерттерді, ұлттық ойын түрлерін, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарды жалғастыру, мерекеге келушілерге ұлттық тағам түрлерінен, наурыз көжеден дәм таттыру.













