
№6 Хромтау гимназиясының 2013 ж.27.12.
№ 231 бұйрығы бойынша 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында Жалпыға бірдей білім беру айлығы аясында мектебімізде «Қамқорлық» акциясы өткізілді. «Қамқорлық» акциясының негізгі мақсаты - тұрмысы төмен отбасы балаларына әлеуметтік қолдау көрсету, киім-кешек, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік себептермен сабаққа қатыспай жүрген оқушыларды анықтау, қол ұшын беру. Осыған орай, мектебімізде қайырымдылық қорын жасақтауға ұстаздар қауымы, әлеуметтік педагог мамандары жұмыла атсалысып, материалдық көмек көрсетуге кәсіпкерлерді тартты. Сондай-ақ, «Қамқорлық» акциясы ұжымдық кеңесте кеңінен талқыланып, қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің» дегендей қаламыздағы жеке кәсіпкерлер игі шараға бір кісідей жұмылып, балаларға қолдау көрсетті. Олар жеке кәсіпкерлер Ахметова Асель «Шөмекей» дүкені, Измұратова Шынар, Ақтөбе қаласының кәсіпкері Қожахметова Жанна. Акцияның қорытындысы бойынша барлығы 14 оқушы 180500 теңгеге киіндірілді.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, жан-жағына жақсылық жасап, жарымжан жандардың жанын жадыратуға себепші болған барлық кәсіпкерлерге, ұстаздарға, ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.
Гимназия әкімшілігі













