«Біз болашақты бірге құрамыз!»
Республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл «Біз болашақты бірге құрамыз!» деген атаумен 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Акция аясында біздің елде жеке кәсіпкерлер мен ұйымдар басшылары әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқорлық көрсетуді дәстүрге айналдырған. Бесінші жыл ұйымдастырылған бұл акция біздің №6 Хромтау гимназиясында да үлкен қолдауға ие болып отыр.
«Мектепке жол» акциясы шарасының алғашқы күнінде қаладағы жеке кәсіпкерлер балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бара алмауының алдын алуды көздейтін акция шеңберінде тұрақты демеушіміз «Азамат – Аманат» дүкенінің иесі Баймукашева Самал Ерболатқызы аз қамтылған отбасының шыққан үш білім алушыға киім –кешектер табыстады. Атап айтқанда 11 сынып білім алушысы Күзенбай Ернұрға костюм шалбар, туфли және ақ көйлек, бір ата- анасымен тәрбиеленетін 10 сынып білім алушысы Таубай Есетке костюм шалбар, ақ көйлек, 8 «ә» сынып білім алушысы Күзенбай Гүлнұрға мектеп формасын алып берсе, Хромтау қала әкімшілігі оқу құралдары мен сөмке сыйлады. Жетім көрсең, жебей жүр демекші «Алтын – ай» дүкенінің иесі Ерназарова Бибінр Куламановна ата – анасының қамқорлығынан айырылған 8 сынып білім алушысы Райсова Ақмаралға оқу құралдарын алуға 20 000 теңге ақшалай көмек берсе, «Аяжан» дүкенінің иесі Абдраманова Шолпан мектеп формасымен қамтамасыз етті. Ата –анасының қамқорлығынан айырылған 5 сынып оқушысы Қожабергенова Гузельге Дөң кең байыту комбинаты жастар кеңесінің мүшесі Кужаев Нұрлан сөмке мен оқу құралдарын, «Айгерім» дүкенінің иесі Бекжигитова Разия киім–кешектермен қамтамасыз етті.
Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі тарапынан көп балалы отбасында тәрбиеленген Тыныштықбаева Салиха мен Тыныштықбаева Айишаға мектеп киімі мен оқу құралдарын алып берді Салиха секілді бірнеше балалар, ата - аналар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан игі шара ұйымдастырушыларына, жомарт жандарға ризашылықтарын жеткізді.
Акция аясында Хромтау аудандық аймақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі ата –анасының қамқорлығынан айырылған Райсова Ақмаралға 10 000 теңге көлемінде киім - кешек оқу құралдарын, ветеренарлық бақылау және қадағалау комитеті Утегалиева Риммаға 10 000 теңге көлемінде киім - кешек оқу құралдарын алып берді.
Хромтау аудандық жер қатынастар бөлімі 9 сынып білім алушысы Егізбай Ақжол мен 6 сынып білім алушысы Өтепберген Әлішерге оқу құралдарын алып, қолдау көрсетті.
Акция нәтижесінде, он төртбілім алушының мектепке баруына қолдау көрсетіліп, көмек берілді.
Орындаған: Нуртазина М.О.
Тел: 27-7-47













