
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы, ЭКСПО Конгресс орталығында педагогтердің республикалық "Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбындағы тамыз конференциясы болды. Конференцияда жаңа оқу жылына қатысты жағымды жаңалықтар мен жоспарланып отырған өзгерістер талқыланды. Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған педагогтардың басын қосқан үлкен жиынға №6 Хромтау гимназиясының директоры Мукашева Гулмараш Орынбасаровна да қатысты. Республикалық Тамыз Конференциясында ҚР Оқу -ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов білім саласында ұзақ жылдан бері аянбай еңбек етіп келе жатқан, еліміздің оқу-ағарту саласына үлес қосып жүрген бір қатар педагогтарды марапаттады. Соның ішінде гимназия директоры Гулмараш Орынбасаровна "Еңбек ардагері" медалімен мараптталды. Бүгінде аудан, облыс көлемінде тәжірибелі, сауатты, білікті басшы ретінде жақсы танымал Гулмараш Орынбасаровнаға берілген лайықты марапат болды. Құттықтаймыз!!!













